Қостанайлық «Тобыл» Еурокубок басталмай тұрып, грузиялық жартылай қорғаушы Цотне Мосиашвелимен толықты. Футболдан 2024 жылдың алғашқы маусымын ол талдықорғандық «Жетісу» сапында өткізді,- деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі.
29-жасар хавбек Қазақстанға наурыз айының басында келіп, «Жетісу» үшін жалпы 13 ойын өткізген. Transfermarket Мосиашвелиді 250 мың еуроға бағалап отыр.
Айта кетейік, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде қостанайлықтар жасыл алаңда словакиялық «Ружемберекпен» бақ сынасады.