Биылғы әлем чемпионаты – Игитаның мансабындағы соңғы әлем біріншілігі
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы әрі капитаны Лео Игита өзінің мансабындағы соңғы әлем чемпионатына туралы пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Менің алдағы чемпионаттағы басты мақсатым – Қазақстанмен бірге үлкен жеңіске жету. Бұл мен қатысатын соңғы әлем чемпионаты. Мен бұны ашық айтуға дайынмын, себебі уақыты келді, мен енді жас емеспін. Мен үшін ең бастысы – елге медаль алып келу немесе Қазақстандағы футзал деңгейін көрсету және әдемі ойын танытып есте қалу", – деді Лео Игита.
Айта кетейік, Игита 2013 жылдан бері Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп келеді. Ұлттық командамен бірге ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Сондай-ақ Игита 2015, 2016, 2018, 2019, 2020 жылдары әлемнің үздік қақпашысы атанған.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)