"Астана" норвегиялық клубтан айласын асыра алмады instagram/fca.astana. Суретте: "Бранн" – "Астана матчы

«Астана» клубы сырт алаңда жеңіліс тапты

Елордалық «Астана» клубы УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчында Норвегияның «Бранн» клубына 0:2 есебімен есе жіберді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Ойынның 12-минутында «Бранн» командасының жартылай қорғаушысы Феликс Мюхре есепті ашты. Ал 69-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Борд Финн «Астананың» қорғаушыларын қапы қалдырып, Йосип Чондричтің қақпасына дәл соққы жасады.

Қарымта матч 29 тамыз күні Алматыда өтеді.