Италиялық спортшы өз жүлдесінен айырылды
Италиялық ескекші Джакомо Перини Паралимпиада ойындарында еншілеген қола медалінен тосын жағдайда айырылды. Бұл туралы ақпарат Италияның ескек есу федерациясының ресми сайтында жарияланды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Джакомо Перини ескек есуден PR1 санаты бойынша жекелей сайыста таңғаларлық жағдайдың кейіпкеріне айналды. Ол жарыстың ортасына дейін көш бастап, үшінші орынмен мәреге жетті. Алайда, жарыс төрешісі Перинидің сөмкесін тексергенде, оның ішінен смартфон тапты, оны ол ұмытып кеткен болып шықты», – делінген федерацияның хабарламасында.
Ережеге сәйкес, сыртқы ортамен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін құрылғыларды қолдануға тыйым салғандықтан, Перини жарыстан шығарылды. Италияның ескек есу федерациясы дереу апелляция бергенімен, ол төрешілер кеңесінің шешімімен қабылданбады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?