Неткен сұмдық: жігіті бензин құйып тірідей өртеп жіберді Фото ашық дереккөзден. Суретте: белгісіз жан

Ахмет Қанатұлы

5 қыркүйек, 2024

865

Ол Олимпиадаға қатысқан еді

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынаған угандалық жеңіл атлет Ребекка Чептегей ауруханада қайтыс болды, деп Dopmedia.kz тілшісі Уганда жеңіл атлетика федерациясының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

33 жастағы угандалық спортшы Париждегі дүбірлі додада бақ сынып, 44-орын алған болатын. Ал бұл оқиға Олимпиададан кейін орын алды. Еліне қайта оралған Чептегей мен оның бұрынғы жігіті арасында дау туындаған екен. Кейін қылмыскер түнгі уақытта Чептегейдің үйіне барып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген. Екеуі көршілерінің арқасында сол жерде ажалдан аман қалады. Бірақ денесінің 75 пайызын күйік шалған спортшы қыз бірнеше күннен кейін ауруханада жан тапсырды.

"Біздің спортшымыз Ребекка Чептегейдің қайтыс болуына қатты қайғырдық. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Біз мұндай актілерді айыптаймыз және әділеттілікке шақырамыз. Оның жаны тыныштықта болсын", – делінген федерация хабарламасында. 

    Көп оқылды: