Боксшының қалыңдығы Мырзағалидің қызы болып шықты
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Әлеуметтік желіде Мамхұд Сабырханның қалыңдығы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың қызы болып шықты деген сипатта ақпараттар тарай бастады. Бұл туралы “Оңтүстік” телеарнасының редакторы Гүлсанат Қалмырзақызы хабарлады.
“Сүйінші, Махмұд Сабырхан ұлдарыңыз үйленіп, бір басы екеу болды. Мың сұлудың ішінен бір сұлуды таңдап, көз алдымызда өскен Назым қыз келін болып шыға келді. Мырзағали ағамыздың тұңғышы. Той керемет болды. Құдалық мың жылдық болсын, Мырзағали аға! Жастар бақытты болсын”, – деп жазды журналист.
Алайда журналист Аян Төлеген бұл ақпараттың ешқандай да шындыққа жанаспайтынын айтты. Назым есімді бойжеткен Мырзағали Айтжановтың емес, Мырзағали Есқұловтың қызы екен.
Айта кетейік, Махмуд Сабырхан Қазақстан бокс құрамасының мүшесі. 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Париж Олимпидасында 57 кг салмаққа дейінгілер арасында сынға түсіп, алғашқы кезеңде испаниялық Хосе Кильестен жеңіліп қалды.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)