Боксшы-министр: бұрынғы спорт министрі бокспен айналысқан (фото) instagram.com/ermek_marzhyqpaev. Суретте: Ермек Маржықпаев

Ахмет Қанатұлы

11 қыркүйек, 2024

254

Ол бокстан құрама сапында өнер көрсеткен

Туризм және спорт министрлігін басқарған экс-министр Ермек Маржықпаев Instagram желісіндегі ресми парақшасына естелік суреттерін жариялады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Экс-министр әлеуметтік желідегі парақшасында спорттық оқу-жаттығу жиындарында жүрген кезінен суреттер жариялады.

“Жастық шағым, Қазақ КСР бокстан жастар құрамасы, 1986 жыл”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Ермек Маржықпаев бокстан спорт шебері атанған. КСРО кезінде бокспен кәсіби тұрғыда айналысқан.