Олимпиада жүлдегерінің орнын кім басты?
Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Камшыбек Қоңқабаевтың асаауыр салмақтағы орнын кім басатынын айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Қазіргі уақытта Камшыбек Қоңқабаевтың орнына Айбек Оралбай келетін болады, ол осы салмақ санатына өтеді. Бірақ Қамшыбек өзі асаауыр салмақта да, 92 кг дейінгі салмақта да жекпе-жек өткізе алады. Ол жақын арада жаттығуларға қатыспайды, себебі жарақаты бар. Қазір оның сауыққанын күтуіміз керек. Кейінірек Қамшыбек қандай салмақ санатында өнер көрсететінін көреміз", – деді Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұқбатында.
Еске салайық, Камшыбек Қоңқабаев 2021 жылы Токиода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионаттарында екі мәрте күміс жүлдегер және Азия чемпионаттарында төрт рет күміс жүлдегер атанған.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)