2018-2023 жылдар аралығында «Барыс» ХК «Самұрық-Қазынадан» барлығы 48,8 млрд теңге көлемінде қаржыландырылған.
Елдегі спорт жетістігі мен жеңілісі, қаржы мәселесіне қатысты да проблемасы қатар жүретін сала. Соның ішінде үлкен федерациялардың бюджеті, ондағы легионерлердің алатын жалақысы әлі шешілмей келе жатыр. Мәселен, «Барыс» хоккей клубындағы ең аз жалақыны қазақ жігіт алады. Жылына жалақысы 31 млн теңге шамасын құрайды.
Клубтағы ең көп жалақыны америкалық профессионал хоккейші Уилл Батчер алады. Оның жылына алатын жалақысы – 302 млн теңге. Айына шамамен 25 млн теңгені құрайды. Дәл осындай жалақыны канадалық ойыншы Майкл Маклауд алады. Жалақы ең көп алатын алғашқы ондықта бірде-бір қазақ түгілі, қазақстандық азамат жоқ. Тек жалақы жағынан 11-орынға тұрақтаған Кирилл Савицкий 121 млн теңгеге жуық табыс табады. Ал қазақтардың арасында ең көп жалақыны Әділ Бекетаев алады. Оның жылдық жалақысы – 55 миллион теңге.
«Барыс» хоккей клубындағы ең аз жалақыны Батырлан Мұратов есімді қазақ жігіті алады. Оның жылдық айлығы – 30 миллион теңге шамасында.
Жалпы «Барыс» хоккей клубының ойыншылары 2024/2025 жылдар аралығында 3 миллиард 200 миллион теңге шамасында жалақы алады.
2018-2023 жылдар аралығында «Барыс» ХК «Самұрық-Қазынадан» барлығы 48,8 млрд теңге көлемінде қаржыландырылған.
"Барыс" ХК осы маусымда 16 ойын өткізіп, 2 ойында ғана жеңіске жеткен.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?