Толқын Қылышев пен Мырзағали Айтжановты не байланыстырады?
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев YouTube желісіндегі "Спорт Министрі" арнасына берген сұқбатында Мырзағали Айтжановпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Мырзағали аға менмендігі жоқ, өте жақсы адам. "Көке" деп барған адамның сәлемін түзу алады.
Біз Ақтау, Алматы, Астанада өтетін жарыстарға көп барамыз. Жас кезімізде эмоцияға беріліп, кей жекпе-жектер туралы: "Төреші бермеді, төрелік әділ емес", - деп жан ұшыра айтып қаламыз. Сол кезде Мырзағали аға: "Інім, сен әлі жассың. Дәл осылай жүйкеңді жұқарта берсең, сен ұзаққа бармайсың. Бермесе, бермеді, өзгерте алмайсың. Бүгін болмаса, ертең ұтасың", - дейді.
Мен немесе балаларым Қазақстанға бір қадам басып өтсек, бірінші Мырзағали ағаға телефон соғамыз", – деді Толқын Қылышев.
Сондай-ақ Толқын Қылышев шәкірттерінің Олимпиададағы алтынын сатып алғаны туралы тараған ақпаратқа жауап берген болатын.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)