Франциялық ойыншы жарақатына байланысты мансабын аяқтады
Франциялық футболшы Рафаэль Варан кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
31 жастағы Рафаэль Варан "Комо" клубына еркін агент ретінде ауысқан еді. Италиялық клуб сапындағы дебюттық кездесуінде қорғаушы ауыр жарақат алып, маусымның соңына дейін алаңға шыға алмады.
Айта кетейік, Рафаэль Варан "Реал", "Манчестер Юнайтед" секілді атақты клубтарда, сондай-ақ Франция ұлттық құрамасында өнер көрсетті.
2018 жылы Франция құрамасы сапында Варан әлем чемпионы атанды. "Реал" клубымен бірге төрт рет УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алды.