Жозе Моуринью Түркия чемпионатында тағы да назарда! Бұл жолы арбитрмен болған дау ерекше форматта өтті. Мақалада толығырақ!
Жозе Моуринью, «Фенербахченің» бас бапкері, футбол әлемінде тағы да ерекше қылығымен көзге түсті. Бұл жолы ол Түркия чемпионатының жетінші турында «Антальяспорға» қарсы матчта арбитрдың шешімімен келіспей, өз наразылығын ерекше әдіспен білдірді. Арбитр Джихан Айдын «Фенербахче» шабуылшысы Эдин Джеконың голын офсайд деп шешкенде, Моуринью өзінің ноутбугын пайдаланып, қайта көрсетілімді телекамера алдында қойып, арбитрға қате шешім жасағанын дәлелдеуге тырысты. Бұл әрекеті үшін Моуринью сары карточка алды, бірақ оның командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Танымал судьялық сарапшы Александр Бобров бұл оқиғаға қатысты: «Моуриньюге тіпті қызыл карточка берілу керек еді, себебі ережелерге сәйкес, электрондық құрылғыларды дұрыс пайдаланбау бапкердің алаңнан қуылуына себеп болуы мүмкін» - деп пікір білдірді.
Бұл Жозе Моуриньюдің Түркияда алғашқы ерекше әрекеті емес. Осыдан бірнеше апта бұрын ол «Галатасарайға» қарсы дербиден кейін баспасөз мәслихатына кешігіп келді және өз кезегін 70 минут күтуге мәжбүр болғанына наразылығын білдіріп, конференцияға қатыспай кетті. Моуриньюдің мұндай қылықтары тек қана оның ерекше мінезінің көрінісі емес, сонымен қатар футбол әлеміне жаңа талқылаулар мен пікірталастар әкелетін фактор болып тұр.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)