Жантүршігерлік өлім тіркелген Талғарда республикалық турнир басталды baq.kz. Суретте: жас балуандар

Талғарда грек-рим күресінен республикалық турнир басталды

Талғар ауданында КСРО спорт шебері Есенжол Әлімановты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық ашық турнир басталды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бұл жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген жас балуандар қатысуда. 2005-2007 жылдары туылған 256 спортшы 10 салмақ дәрежесінде өз шеберліктерін көрсетеді.

Жарыстың ашылу салтанатында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ерболат Сарабекұлы спортшыларға сәттілік тіледі.