Қазақстандық боксшы АҚШ атынан шығады
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-3-1) АҚШ Ұлттық гвардиясына қосылу шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Ашық сөйлейік: Қазақстанға қайта оралып, өмір сүргім келмейді – тек қонақ ретінде ғана барамын. Әрқайсымыз өмірімізді жақсы өткізгіміз келеді. Қазақстан – мен өзімді ыңғайлы сезінетін ел емес... АҚШ-та жақсы мансап құрып, өз үйім болуын қалаймын. Әсіресе, мен Калифорнияда өмір сүремін деп шешкенде, мұндағы жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап тұр (Калифорния – ең қымбат штат). Болашақ баламның Гарвардта оқуын армандаймын, ал мұнда оқу ақысы – қорқынышты», – деп жазды Аида Сатыбалдинова өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Аида Сатыбалдинова 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Ол ауыр атлетикадан спорт шебері, сонымен қатар GBO және WBF International нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?