"Аустрия Қазақстанды 3:0 есебімен жеңеді" – британдық БАҚ ҚФФ

Командалық кездесу 10 қазан күні Линц қаласында өтеді.

Британдық Sportsmole сайты футболдан Австрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында өтетін ойынға болжам жасады, - деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

«Жақсы деңгейге жеткендеріне қарамастан, Қазақстан құрамасы әлі де ФИФА әлемдік рейтингінде 109-шы орында тұр. Сонымен қатар, Ұлттар лигасының В дивизионында әлі бір де бір гол соққан жоқ. Қыркүйек айында лиганы сәтсіз бастаған Қазақстан құрамасы Аустрияның келесі деңгейге көтеріліуне және бейсенбі күні максималды ұпай алуларына жол ашып бергендей. 

Біздің болжам: Австрия – Қазақстан – 3:0», - деп жазды басылым.

Командалық кездесу 10 қазан күні Линц қаласында (Аустрия) өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.