Шерзаттың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
Ержан Сәденовтің мәліметінше, Алматы облысы полиция департаменті бірнеше бап бойынша қылмыстық істер қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің:
- 99-бабының 2-бөлігі (қасақана кісі өлтіру),
- 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық),
- 115-бабы (қорқыту),
- 432-бабы (қылмысты жасыру),
- 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау).
Тергеу жұмыстарын министр жеке бақылауында ұстап отыр. Сонымен қатар, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратынан мамандар да жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта қасақана кісі өлтіру күдігімен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам сот санкциясымен қамауға алынды.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар