ҰОК Президенті ретінде айына қанша ақша алады?
Әлеуметтік желіде Геннадий Головкиннің ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті ретінде айлығына қатысты деректер пайда болды. ҰОК мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Геннадий Головкин ҰОК президенті ретіндегі қызметін ерікті негізде жүзеге асырады. Оның қызметі ақысыз. Ал мотивация қаржымен де, саяси мансаппен де байланысты емес. Ең алдымен, оның жұмысы қазақ спортына көмектесуге, сондай-ақ халықаралық спорт қауымдастығында Қазақстан ҰОК беделін нығайтуға бағытталған. Бұл ретте Геннадий Головкин бұл қызметке кірісу кезінде ҰОК мемлекеттік бюджеттен ақша сұрамайтынын атап өтті. Ұйым өз қызметін демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырады, оны тарту жұмысына Г.Головкин қатысады», деп мәлімдеді комитет.