Үндістандық балуан артық салмағына байланысты Олимпиададан шеттетілді Aytac Unal/Anadolu via Getty Images. Суретте: балуан Винеш Фогат

Үндістандық балуан Олимпиададан шеттетілді

Еркін күрестен Олимпиаданың финалына шыққан үндістандық Винеш Фогат салмақ өлшеу рәсімінде межеден 100 грамм асып кетіп, кездесуге шыға алмады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі ESPN India басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Үндістандық балуан қыз Винеш Фогат 50 кг салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол ақтық кезеңде америкалық Сара Хильдербрандтпен кездесуі керек болған, бірақ бұл салмақтың негізгі шарттарын орындай алмай жарыстан шеттетілді.

Ережеге сәйкес салмақ өлшеу кезінде сәтсіздікке ұшыраған спортшы дисквалификация алады. Осылайша үндістандық спортшы медалінен айырылды, ал финалда оның орнына турнирдің жартылай финалында жеңілген Юснейлис Гузман Лопес шығады. 

    Көп оқылды: