Испания құрамасының ойыншысы «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін Getty Images

Испания құрамасы мен «РБ Лейпциг» клубының жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

Даниэль Ольмо үшін «Манчестер Сити» 60 миллион еуро төлеге дайын,- деп хабарлайды dopmedia.kz

Соңғы маусымда Ольмо клуб пен ұлттық құрама сапында жалпы 32 матч өткізіп, 13 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушының «РБ Лейпциг» клубымен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. 

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының финалы үшін дәл қазір Англия мен Испания құрамалары бақ сынасуда.