Клуб ойыншылары Киллианға қатты ренжіп жүр
Мадридтік «Реалдың» өзге ойыншылары Килиан Мбаппеге ренжіп жүр,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Relevo басылымына сілтеме жасаған дереккөздің хабарлауынша, мұндай наразылық француздың алаңдағы қорғаныс кезінде жеткілікті белсенділік танытпауынан туындап отыр. Барселонаға қарсы матчта ол алаңда небәрі 8 шақырым жүгіріп шықты. Ойыншылар бұл нәтижені байқап, оны қалай түзетуге болатынын өзара талқылады.
Нәтижесінде, басқалары қорғаныс жұмысын көбірек атқару керек деген қорытындыға келген екен. Бұл жағдайдың басты құрбаны Джуд Беллингем болды. Ол Киллиан үшін де, өзі үшін де екі есе жұмыс атқару керек боп шықты.
Команда Килианның өзін-өзі сынға алып бастағанын және ойын кезінде қорғанысқа қосатын үлесі басқамен де бірдей маңызды екенін түсінгенін қалайды.
-
8 қараша, 2024
Спорттағы былық: қаржы тиімді қолданылмаған
-
8 қараша, 2024
Басшылық тағайындаудағы былықтар анықталды
-
10 қараша, 2024
Жекпе-жектен бас тартқан Белал тосын пікір білдірді
-
8 қараша, 2024
Қазақстанда спорт нысандарының стандарты жоқ