"Күдік бар": Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды (фото) Фото-коллаж: inbusiness.kz

Әнарудың адвокаты істің қайта қозғалғанын хабарлады

Боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды. Бұл туралы Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Келесі апта тергеу қайта басталады. Бірақ жәбірленуші тарап алдыңғы істің қысқартылғаны туралы заңсыз шығарылған қаулыны жарты ай уақыт өтсе де әлі алмаған.

"БАҚ-тағы жариялылықтың нәтижесі шығар. Соңғы кезде әріптестерімнен, халықтан Бас Прокуратура қызметкерлерінің  жақсы жұмыс істеп, көптеген қылмыс пен заңбұзушылықтарды ашуға септігін тигізіп жатқандарын естимін. Бұл да болса, көңілге жағатын, үзілген үмітті жалғайтын жағымды нәрсе ғой. Тек жаман жағын айта бермей, жақсы жағын да айтайық. Сонда да қайтадан “крышаларын”, депутат ағаларын қосып, қылмысын жабуға тағы күш сала ма деген күдік жоқ емес. Біздің елдің органдарын, заңының қалай жұмыс істейтінін білгесін, “жаман айтпай, жақсы жоқ” дегендей, ондай күдіктің болуы да заңдылық", - деп жазды құқық қорғаушы.

    Көп оқылды: