Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» қатарына қосылды (видео) t.me/realmadridcdf

Килиан Мбаппе клубтың базасында жүр

Футболдан Франция ұлттық құрамасының капитаны Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» клубының қатарына қосылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Франция құрамасының белді футболшысы Килиан Мбаппенің «Реал Мадрид» базасына келгені туралы ақпарат тарады. Ойыншы мадридтік клубтың базасында медициналық тексерістен өтті.

Сондай-ақ Килиан Мбаппенің «Реал Мадрид» клубының футболшысы ретіндегі ресми таныстырылымы бүгін, 16 шілдеде өтеді.

Айта кетелік, футболшының «Реал Мадрид» клубымен келісімшарты 2029 жылға дейін межеленген. Бұған дейін Мбаппе «ПСЖ» құрамында өнер көрсеткен. Өткен маусымда франциялық шабуылшы команда сапында 48 матч өткізіп, 44 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Беделді Transfermarkеt интернет-порталы француз шабуылшысының нарықтық құнын 180 миллион еуроға бағалайды.