Жанкүйерлер Еуро-2024 турниріне барғаны үшін жұмыстарынан қуылды Richard Sellers/Sportsphoto/Allstar via Getty Images

Англиялық жанкүйерлер футбол үшін жұмыстан қуылды

Футболдан Англия құрамасының үш жанкүйері Еуропа біріншілігінің ақтық ойынына барамыз деп жұмыстарынан қуылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды

The Sun басылымының мәліметінше, 58 жастағы Алан Рили ұлдары Дилан және Биллимен қатар пойыз жүргізушісі болып жұмыс істеген. Үшеуі теміржол компаниясына Еуропа біріншілігінің финалдық ойынына баратынын айтқаннан кейін басшылық оларды жұмыстарынан шығарып жіберген. Жұмыстарынан айырылыса да, үшеуі өз құрамасын қолдау үшін Берлинде өткен финалдық ойынға барған.

«Мұндай мүмкіндік өмірде бір-ақ рет беріледі. Жұмыс келеді және кетеді, бірақ менің әкем Англия құрамасының ойынын финалда соңғы рет көруі мүмкін. Ойын нәтижесіне қарамастан, матч атмосферасын әкеммен және ағаммен бірге сезіну ерекше бақыт сыйлады. Біз бұл матчты көру үшін 3000 фунтқа (шамамен 1 800 000 теңге) билет сатып алдық», – деді Дилан Рили.

Айта кетелік, Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Испанияға 2:1 есебімен есе жіберіп қойған еді. Осылайша, Испания құрамасы төртінші рет Еуропа біріншілінің жеңімпазы атанды. 

    Көп оқылды: