Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов трансферге қатысты пікірін білдірді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Бахтиер Зайнутдиновтың «Бешикташтан» ресейлік «Зенитке« ауысуына қатысты пікір блдірді,- деп хабарлайды dopmedia.kz
«Ақпарат ағыны тым үлкен. Себебі, әр клубтан таныстарымыз жеткілікті. «Бешикташтың» бапкері тағы да өзгерді. Өткен жылы да бірнеше рет ауысқан болатын. Осы жылы да қайта ауысты. «Зениттің» Зайнутдиновкк қызығушылық танытқаны да қалыпты жағдай. КФФ Президентімен бірге Бахтиермен сөйлескен едік. Сол кезде оған ар жақтан хабарласып «Қандай жоспарың бар?» деп сұрады.
«Зенит» қызығушылық танытты екен деп оған: “былай істе, мынаны істеме” дей алмаймыз. Бұл оның шешімі. Бірақ, біз де қолдау көрсетіп, ненің дұрыс ненің бұрыс екенін айтып жібердік.
Ол өз кезегінде жаңадан келген бапкермен сөйлесіп, кейін ойланатынын айтты. Қазір ол Түркияда. Әлі Бешікташ сапында өнер көрсетуде»,- деді Черчесов.