"Ақтөбе" пенальти сериясында есе жіберіп қойды instagram.com/fcaktobe_official

«Ақтөбе» еурокубок маусымын аяқтады

УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында "Ақтөбе" босниялық "Сараево" клубынан жеңіліп қалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық команда сапынан Ыдырыс Умаев, Әділхан Танжарықов және Жайро Жан көзге түсті. Ал "Сараево" клубының ойыншылары Гиорги Гулиашвили мен Ренан Оливейра қарымта голдарды соқты. Экстра-таймға дейін ұласқан ойын 3:2 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілген болатын. Бірақ та Ақтөбеде өткен бірінші матчта "Сараево" 0:1 есебімен басым түскен еді.

Кездесу матчтан кейінгі пенальти сериясына өтті, онда босниялықтар басым болды. "Ақтөбе" сапынан пенальти сериясында Дорни Ромеро мен Максим Самородов қателесті.