Мұздыманның келесі жекпе-жегі Тайландта өтеді Ашық дереккөзден алынған

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиманның кезекті қарсыласы анықталды

25 шілде күні Таиландта өтетін бокс кешінде Балауса таиландтық Джиттамат Пхомтамен шаршы алаңда кездесіп, жеңіл салмақтағы WBA Asia белбеуі үшін күш сынасады. 

«Балауса Бангкок қаласында (Таиланд) WBA Asia титулы үшін жұдырықтасады. Біз үшін бұл жаңа деңгей. 1 маусымда Балауса жекпе-жек өткізіп, Үндістаннан келген қарсыласын 45 секундта нокаутқа түсірді.

Енді 25 шілдеде Бангкоктағы ірі бокс кешінде ригк қайта оралады», - деп жазды боксшының менеджері әлеуметтік желіде.