Қазақстан грек-рим күресінен Азия біріншілігінде екінші орын алды olympic.kz

Балуандар 2 алтын, 4 күміс, 3 қола еншіледі

Грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Таиландта өткен бәсекеде қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола еншіледі. 

Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алттын жүлдегер атанды. 

Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар. 

Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды. 

Жалпы командалық көрсеткіште Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

 

    Көп оқылды: