"Астана" велокомандасы жарысқа Қытай туымен шыға ма? A.S.O./Thomas Maheux

Бұл сұрақты спорт журналисі Иван Резванцевты қызықтырды

Жалпы айтқанда, "Тур де Франс" турнирінде "Астана" велокомандасы соңғы орынға жайғасыпты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Турнир кезінде қазақстандық велокоманда мен қытайлық көміртек өндірісімен айналысатын компания арасында келіссөздер жүргізілген. Қытайлар да өз кезегінде клубқа қыруар ақша салған. 

Келісім жобасы кемінде бес жыл бойы ұзақ мерзімді инвестициялауды және әлемдік турдың жетекші командалары деңгейінде қаржыландыруды мақсат етеді. 

«2022 жылдан бастап біз Әлемдік турға қосылу мүмкіндіктерін іздей бастадық. Шанхай көрмесінде Astana Qazaqstan Team командасымен кездесіп, таныстық. Талқылау барысында "Астана" жобасы біз іздеген команда екеніне сенімді болдық. Келесі маусымда "XDS" компаниясы  "Астана" командасы үшін сенімді инвесторға айналады. Біз командан бюджетпен және ең жақсы техникалық қолдаумен қамтамасыз етеміз »,- деді компанияның атқарушы директоры. 

"Astana Qazaqstan Team" бас менеджері Александр Винокуров инвесторды көптен бері іздеп жүргенін мәлімдеді. "XDS" компаниясы сонымен қатар техникалық серіктес те болады.

 

    Көп оқылды: