Испания ұлттық құрамасының екі ойыншысы тәртіп бұзды
Еуропа футбол қауымдастығының өкілдері Испания ұлттық құрамасының ойышылары- Родриго мен Альваро Моратаны тәртіптік жауапкершілікке тартқызуы мүмкін. Бұл туралы dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Еуро-2024 чемпионатының шешуші ойынында испандықтар ағылшындарды 2:1 есебімен жеңіп, кейін жеңісін 15 шілде күні Мадридте дүркіретіп тойлаған. Сол сәтте жоғарыда атап өтілген құрама ойыншылары "Гибралтар бұғазы Испанияға тиесілі" деп ұрандатқан керек.
УЕФА тәртіптік ережесінің шешіміне сәйкес, ойыншыларға келесі пункттер бойынша айып тағылуда:
- Жалпы тәртіп ережелерін бұзу;
- Лайықты түрде өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу;
- Спорттық шараларды спортқа қатысы жоқ мәлімдемелер үшін қолдану;
- Футбол мен УЕФА қауымдастығының атына зарар келтіру;
Қауымдастық шешімді ең жақын арада қабылдайтыны белгілі болды.