Францияда қоғамдық көлік пен су тапшы
Олимпиада-2024 ойындарының қонақтары қоғамдық көлік пен ауыз суына қатысты наразылықтарын білдіруде,-деп хабарлайды dopmedia.kz
Мұндай мәселеге қатысты ақпаратты Парижден тікелей ирандық тілші Сайед Джавад жеткізіп отыр.
Қоғамдық көліктердің саны аз және әуежайдан қала орталығына дейін қатынау үлкен қиындық туғызуда екен. Сонымен қатар, қала көшелеріне қайыр сұрайтын әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың саны көп. Соның әсерінен қалада ешкім өзін қауіпсіздікте сезіне алмайды.
"Франция Олимпиада қонақтарын қарсы алу үшін қомақты қаржы бөліп, барлық жағдайды жасауға тырысып жатқанын мәлімдеген еді. Алайда, БАҚ өкілдері пен қонақтарымыз тіпті ауыз су мәселесімен бетпе-бет жүздесіп отыр",- дейді тілші.
Айта кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын
-
13 қыркүйек, 2024
Құсбегіліктен өткен жарыстың жеңімпазына автокөлік кілті табысталды
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпар мен көк бөрі ойындары алып тасталыну ұсынылды
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар