Сүйінші! Нұрбек Оралбай Олимпиада финалына шықты Olympic.kz | Нурбек Оралбай

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына шықты.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өтіп, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті. 

Нұрбек Оралбай өзінің тұңғыш Олимпиадасында алтын медальға таласады. Ол 2023 жылғы әлем біріншілігінде де топ жарған болатын.