Халықаралық Дзюдо Федерациясы Елдос Сметов жайлы танымды материал дайындады
Халықаралық Дзюдо Федерациясы қазақстандық спортшы Елдос Сметов жайлы танымды мақала әзірледі. Dopmedia.kz тілшісі ағылшын тілінен қазақ тіліне аударып, арнайы материал ұсынып отыр.
Елдос Сметов алғаш рет Варшавада өткен World Judo Tour турниріне 16 жасар бозбала болып келді. Ал бүгін араға 15 жыл салып 31-жасында Олимпиада чемпионы ретінде қайтып келді. Қазіргі таңда Елдос 2016 жылғы күміс және 2021 жылғы қола жүлде иегері. Сонымен қатар, биыл үздік төртжылдықтың додасында қазақстандық спортшының қоржыны алтын медальмен толықты.
Бір спортшы қалай мұншалықты шыдамды бола алады? Қалай жыл сайын өзін шыңдап, алаңға оралып жетістікке жете алады?
«Әр жарыстан кейін мен бар назарымды отбасыма бөліп, спортты ойламауға тырысамын. Өз денсаулығымды да ескеремін. Егер, жарақаттарым болса толық жазылмай ешқашан алаңға шықпаймын. Арасында демалып та тұру керек. Әсіресе мансабыңды әлі күнге дейін жалғастырып, құрып жүрсең»
«Мен барлық жаттығуларымды Қарағанды қаласында орналасқан «Жеңіс» дзюдо клубында өз бапкерім Ғалымжан Жылгелдиевпен бірге өткіземін. Ол мені бала кезімнен жаттықтырады. Менің бапкерім дзюдодағы дәрежеме сай жаттығу жоспарын құрады. Ал, қолдау шараларына келетін болсақ барлығы мемлекет және федерация тарапынан қаржыландырылады. Сонымен қатар, «Жеңіс» дзюдо клубы да үлкен көмек береді»
«Бұл медальға қол жеткізуім үшін көп еңбек еттім. Отбасымды қалаған уақытымда көре алатын мүмкіндім болмай, жырақта жүріп жаттықтым. Менің 5 балам бар. Олимпиададан бір алтыным болса, өзімнің үйде 5 алтыным бар»
«Бұл алтын медаль Қазақстан үшін алғашқы алтын емес. Бірақ, дзюдодан Орта Азия елдері үшін алғашқы алтын. Сонымен қатар, екінші алтынды Өзбекстандық қарындасым Диора да жеңіп алды. Сол себепті бұл Олимпиада ойындары біз үшін биыл сәтті басталды»