"Ордабасы" маңызды ойын алдында футболшысынан айырылды sports.kz

Сергей Малый келесі ойынға қатыспайды

"Ордабасы" футбол клубының қорғаушысы Сергей Малый Конференция лигасының екінші іріктеу раундының жауапты матчында люксембургтік «Дифферданжға» қарсы алаңға шықпайды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сергей Малый молдавалық "Петрокуб" және люксембургтік "Дифферданж" командаларына қарсы матчтарда үш сары қағаз алғандықтан, алдағы кездесуге қатыса алмайды.

Еурокубоктық матчтарда Сергей Малый жалпы 50 матч өткізіп, 2 гол соқты.