«Астана Арена» жанкүйерлерге қашан өз есігін ашады? KFF / Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Реконструкция жұмыстары жыл соңында аяқталу керек

Қазіргі таңда "Астана Арена" стадионында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы себепке байланысты Қазақстан ұлттық құрамасы мен ФК "Астана" Алматыда өнер көрсетеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Астана қаласының Дене шынықтыру және Спорт комитетінің мәліметіне сәйкес, жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. 

Нәтижесінде, Қазақстан ұлттық құрамасының қыркүйек айында Ұлттар Лигасы аясында өтетін ойындары Алматы қаласында өткізіледі.