Әлем рекордын жаңартамын – қазақстандық спортшы Фото ашық дереккөзден. Суретте: Әмір Маймұратов

Әмір Маймұратов әлем рекордын жаңартуға ниетті

Құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінен кейін "Хабар" телеарнасына сұқбат берді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Әмір Маймұратов 4,89 секунд нәтижесімен ширек финалға шығып, бұл Олимпиада ойындарының рекордын жаңартқан болатын.

– Сіз іріктеу кезеңінде рекорд жаңарттыңыз. Қазір қандай сезімдесіз?

– Білмеймін, шынымды айтсам, өте оңай болды. Скалодром өте жақсы. Мен бұрын-соңды мұндай скалодромда өнер көрсеткен емеспін. Олимпиада үшін ең жақсы скалодром жасалған.

– Сіз инстаграм парақшаңызда төрт секундта қалай көтерілгеніңізді жариялаған болатынсыз.

– Иә, бұл ақпанда болды, бірақ қазір әлемдік рекордты жаңартуға дайындалып жатырмын.

– Құдай қаласа, әлемдік рекордты жаңартасыз ба?

– Иә, Құдай қаласа, жаңартамын!