Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты: Қайда? Қашан? Нешеде? Paris.Fr

Төртжылдықтың үздік спорттық шарасының жабылу салтанатын бірге тамашалайық

Бүгін түнде Францияның астанасы Париж қаласында  26 шілде мен 11 тамыз аралығында өткен жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Салтанатты шараға арнайы «Records» атауы берілді. Бұл мерекелік бағдарламаға 80 мыңға жуық көрермен қатысады деп жоспарлануда. 

Жабылу салтанаты «Стад де Франс» стадионында Қазақстан уақытымен кешкі 23:15-те өтеді. 

Тікелей эфирді Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly, "Хабар" және "Ел арна" телеарналарынан көруге болады.