MMA файтері Олимпиада ойындарын қорытындылады
Қазақстандық файтер Париж Олимпиадасына қатысты жеке пікірін білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Олимпиадаға қатысты ойымен Хамитов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
«Қазақстан спортының басты проблемасы – алдағы 10 жылға жоспарының жоқтығы. Спортты дамыту стратегиясы да жоқ. Министрлікке басшылыққа келген әрбірі өз ролін атқарып, кетіп қалады. Кім және қашан министр болғанына қарамастан пойыз орнынан еш қозғалмайды», - деп жазды Қуат Хамитов.