Мбаппе "Реал" сапындағы алғашқы матчын қашан өткізеді? Фото ашық дереккөзден. Суретте: футболшы Килиан Мбаппе

Килиан Мбаппе «Реал» сапындағы алғашқы ойынын ертең өткізуі мүмкін

Килиан Мбаппе УЕФА Суперкубогы сарапқа салынатын «Реал» мен «Аталанта» арасындағы матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Сонымен қатар бұл тізімде «Реал» құрамына биыл қосылған бразилиялық футболшы Эндрик те бар.

Қақпашылар: Куртуа, Лунин, Фран;

Қорғаушылар: Карвахаль, Милитао, Алаба, Васкес, Вальехо, Фран Гарсия, Рюдигер, Менди, Хакобо;

Жартылай қорғаушылар: Беллингем, Камавинга, Вальверде, Модрич, Тчуамени, Гюлер, Себальос;

Шабуылшылар: Винисиус, Мбаппе, Родриго, Эндрик, Браим Диас.

Айта кетейік, 14 тамызда Варшавада (Польша) УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Реал Мадрид» пен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпазы «Аталанта» клубтары УЕФА Суперкубогын сарапқа салады.