Бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстан сырт алаңда кездесу өткізеді
Қыркүйектің 9-ынан 10-ына қараған түні Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының екінші туры аясында сырт алаңда Словениямен кездеседі, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бұл матч Словения астанасы Любляна қаласында өтеді, ал кездесу Астана уақытымен 23:35-те басталады. Ойынның тікелей эфирін «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.
Қазақстан құрамасы жаңа іріктеу кезеңін сенсациялық нәтижемен бастады, олар Норвегиямен тең ойнап (0:0), көпшілік күтпеген нәтиже көрсетті. Бұл Станислав Черчесовтің басшылығымен өткен алғашқы матч болатын. Ал Словения құрамасы Ұлттар лигасы турнирінің алғашқы кездесуінде Аустриямен 1:1 есебімен тең түсті. Аустрия құрамы В дивизионының 3-тобындағы басты фаворит саналады.
Алдағы уақытта Қазақстан құрамасы Аустриямен бірінші кездесуін бір айдан кейін, 10 қазанда Линц қаласында (Австрия) өткізеді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?