Елімізде алғаш рет УЕФА Аймақтар кубогы өтеді kff.kz

УЕФА Аймақтар кубогы іріктеу матчы өтеді

Қазақстанда алғаш рет әуесқой командалар арасында УЕФА Аймақтар кубогы іріктеу матчы өтеді, деп Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

УЕФА Аймақтар кубогына іріктеу матчы 25 тамызда сағат 17:00-де Талғар қаласындағы Ұлттық құрамалар базасында өтеді.

Әуесқой футболдан Қазақстан чемпионы «Ақбет» командасы келесі кезеңге өту үшін Польшаның «Dolnośląski Region» ұжымымен кездеседі. 

Айта кетейік, аралық кезеңнің сегіз жеңімпазы 2025 жылдың маусым не шілде айының соңғы екі аптасына жоспарланған финалдық кезеңге жолдама алады.