Шетелдік клубта ойнайтын қазақстандық футболшы матч барысында алаңнан қуылды Фото ашық дереккөзден. Суретте: Артур Шушеначев

Артур Шушеначев қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды

Қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев өнер көрсететін Израильдің «Хапоель Беэр-Шева» командасы УЕФА Конференция дигасынан шығып қалды, деп Dopmedia.kz хабарлайды. 

Ойын барысында израильдік команда Чехияның «Млада» (Болеслав) клубына қарсы 2:0 есебімен алда тұрған болатын. Алайда, матч соңында «Хапоель» қарсыластарынан 2:4 есебімен ұтылып, еурокубоктағы жорығын аяқтады.

Артур Шушеначев 63-минутта ойынға қосылды, бірақ 94-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.