Назым Қызайбай жеке өмірі жайлы айтты
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Sport+ Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Өткенде анама "өзге ұлт өкіліне күйеуге шықсам" деген едім. "Қазақ табылмады ма" деп қарсы болды. Намыстары оянып кетті ме, білмеймін. Жақсы көретін адам болса, кімге көңілің түсетінін білмейсің ғой. "Қазаққа ғана шығамын" немесе "қазаққа шықпаймын" деген нәрсе жоқ. Бұйырғаны болады", – деді ол.
Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, қола жүлде еншілеген еді.