Біржан Оразов Тәжікстанға қарсы ойын туралы айтты
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Тәжікстанға қарсы бірінші жолдастық кездсу туралы пікір білдірді, деп Dopmedia.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Барша қазақстандықтарды жеңіспен құттықтаймын. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Дайындықта физикаға көп назар аударғандықтан бүгінгі ойын қиынға соқты. Бірақ өз алаңымызда, өз жерімізде ешкімнен жеңілмеу керек екенін білеміз.
Жолдастық матч болғандықтан құрамды анықтау, ойыншылардың бір-бірімен түсінісуін арттырып, үйренісіп жатырмыз. Маңыздысы жеңіске жету емес, қандай төрттікпен ойнайтынымызды, қалай ойнайтынымызды анықтап алу болды. Команда әлі бабында емес. Алдағы жолдастық матчтардан кейін бабымызға келеміз деп ойлаймын.
Екінші жолдастық матч жеңілдеу болатын шығар. Десе де дайындық жұмысы ауыр өткендіктен жігіттер сәл шаршаңқы. Әлем чемпионатына үш аптадай бар. Осы уақытта ең маңыздысы бабымызға ену. Оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңінде физикалық жаттығуларға көп назар аударсақ, енді доппен көбірек жұмыс істеу, бір-бірімізге үйренісу жұмысы өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне ешқандай жарақатсыз, басымыз толық барса - бәрі керемет болады», – деді Біржан Оразов.
Айта кетейік, кеше, 22 тамызда Астанада өткен жолдастық кездесуде футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстанды 3:0 есебімен жеңді. Екінші жолдастық кездесу матчы ертең, 24 тамызда өтеді.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)