Абат Айымбетов негізгі құрамдағы орнын сақтап қала ма? Фото ашық дереккөзден. Суретте: Абат Айымбетов

Абат Айымбетовтің командасы соңғы орында келеді

Кеше, 25 тамызда «Адана Демирспор» сырт алаңда Түркия чемпионатының үшінші туры аясында «Касымпаша» командасымен кездесу өткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов бұл ойында «Адана Демирспор» командасының негізгі құрамында алаңға шықты. Биылғы маусымда Түркия Суперлигасында Абат Айымбетов бір матчқа қатысқан болатын.

Өкінішке қарай, «Адана Демирспор» жаңа маусымның басында екі ойында да жеңіліске ұшырады: «Ризеспорға» (1:2) және «Фенербахчеге» (0:1). Қазіргі таңда команда турнир кестесінде соңғы, 19-орында тұр.