Шымкенттегі тартысты ойында қос мықты тең тарқасты Фото ашық дереккөзден. Суретте: "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футболшылары

«Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтары тең тарқасты

Кеше, 25 тамызда футболдан Қазақстан чемпионатының 18-туры аясында шымкенттік «Ордабасы» мен «Ақтөбе» командалары өзара кездесу өткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Ойын Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті және 1:1 есебімен аяқталды. Шымкенттік клубтың құрамында голды Шахбоз Умаров соқты, ал «Ақтөбе» сапында Хосе Энрикес көзге түсті.