Нұрлан имам спорттағы дін мәселесі туралы пікір білдірді
Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы YouTube желісіндегі "Қасқа жол" арнасына берген сұқбатында спорттағы дін мәселесі бойынша өз ойын ортаға салды, деп Dopmedia.kz хабарлайды
"Біздің спортшыларымыз барын салды деп есептеймін. Деңгейі сол шығар, әрекеті сол шығар, бұйырғаны сол шығар. Бұл туралы тиісті мекемелер зерттей жатар. Біреу ұрып жатса, қарап тұрып: "Құдайдың тағдыры шығар", – деп қарап тұрған жоқ қой. Бар күшін салды. Меніңше олар барын салды. Сондықтан діннің спортқа қарсылығы жоқ.
Олимпиадаға дайындалып жүріп, дұрыстап қырынуға мүмкіндік болмаған шығар. Қазіргі уақытта бұл идеологиялық тақырыпқа айналып кетті. Қырғызстандық спортшылардың біразының сақалы болды. Олимп шыңын бағындыру үшін оларға сақал кедергі болды ма? Жоқ, сақал кедергі болған жоқ. Біз қазір біреуді талдағанды құмар болып бара жатырмыз... Бүкіл қазақтың рухын оятып берген бір Елдостың қуанышы үшін оның сақалын талдайтын дәрежеге жеттік пе?! Ешкім сақалын алға қоймайды, еңбегін додаға салады", – дейді Нұрлан Байжігітұлы.
Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншіледі.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)