Қонаевтың жеке күзетін басқарған кісі Назымды марапаттады (видео) instagram.com/b1rinshibol. Суретте: Назым Қызайбай мен Амангелді Шабдарбаев

Амангелді Шабдарбаев боксшы Назым Қызайбайды марапаттады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайды марапаттады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Амангелді Шабдарбаевтың боксшы Назым Қызайбаға орден табыстаған сәтінің бейнежазбасы Instagram желісіндегі 1bol парақшасында жарияланды.

"Мінекей біздің қызымыз, жерлесіміз, Олимпиадаға барып қола медаль алып келіп отыр. Арнайы Дінмұхамед Қонаевтың орденін жасадық. Соны қызымыздың кеудесіне тағып отырмыз", – деп Амангелді Шабдарбаев Назым Қызайбайдың маңдайынан сүйді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан 4:1 есебімен жеңіліп, қола жүлдегер атанған еді.