Футбол

Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан жасыл алаң ашылды

ҚФФ басшысы Солтүстік Қазақстан облысына арнайы барды

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұлов «ALAÑ» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына арнайы барды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан өңіріне барған ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов «ALAÑ» жобасының аясында тағы бір жасыл алаңды ашуға мұрындық болды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамедов, футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов, қазақ футболының ардагері Самат Смақов қатысты. 

«ALAÑ» жобасы – футбол индустриясын дамытатын ауқымды бағдарлама. Ол Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бастамасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. 

Айта кетейік, аталмыш жоба аясында Алматы, Ақтөбе, Шымкент қаласы мен Жетісу облыстарында футбол алаңдары салынған болатын.