"Нұрбек өзімнің "үкәмдәй" болып кетті": Баходир Жалолов жылы пікір білдірді youtube.com/@uaqyt_korsetedi. Суретте: Баходир Жалолов

Өзбек боксшысы Нұрбек Оралбай туралы жылы пікірін білдірді

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов YouTube желісіндегі "УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ" арнасына сұқбат беріп, қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Нұрбек Оралбай өзімнің "үкәмдәй" болып қалды. Ол мені Қазақстанға шақырады, мен оған Өзбекстанға кел деймін.

Олимпиада финалының алдында мен оған өзімнің кеңестерімді айттым. Оның қарсыласы Хижнякпен қалай жұдырықтасу керек екенін айтып тұрдым. Біз Нұрбекпен автобуста бірге жүрдік. Мен оған: "Нұрбек, сен қашықтықты сақта. Сен қашықтықты сақтап ұрсаң, ол сенің соққыңды көрмей қалады", - дедім.

Нұрбек шаршы алаңға шыққанда, қазақстандық жанкүйерлермен бірге аренада тұрып қолдау таныттық", - дейді Баходир Жалолов.