Көшпенділер ойындарында "Шаттық керуені" ашылды

Барлық мәдени іс-шараларды тамашалау тегін болады

«Көшпенділер әлемі» 7 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Шаттық керуенімен» салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

7-13 қыркүйек аралығында қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен тануға мол мүмкіндік беретін «Көшпенділер әлемі» қазақ ауылында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәдени бағдарламалары өтті. Елорда тұрғындары, қонақтар мен ойындарға қатысушылар үшін «Көшпенілер әлемінде» өтетін барлық мәдени іс-шараларды тамашалау ТЕГІН. Ал спорттық шараларды билет сатып алу арқылы көруге болады.

«Көшпенділер әлемі» қазақ ауылы – түрлі танымдық-мәдени іс-шараларды қамтыған аймақ. Ендеше баршаңызды осы ұлттық мәдениет пен көшпенділер философиясын бірге тануға шақырамыз!